Павлодарда жол-көлік апатында үш адам зардап шекті
Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 қазан күні таңғы сағат 04:10-да Толстой-Абай көшелерінің қиылысында «Lada Рriora» мен «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан жүргізушілерге медициналық көмек қажет болды. Жол-көлік апаты бойынша тергеу басталды.
Павлодар облысының жедел жәрдем станцисының бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті.
– Үш адам зардап шекті. 20 және 44 жастағы ер адамдар дәрігерлердің қарауынан кейін жіберілді. Ал 31 жастағы әйел адамда «жабық жарақат және мидың шайқалуы» деген диагноздармен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді станцияда.
Ақ халаттылар әйел адамды қарап шыққанан кейін үйге амбулаторлық ем алуға жіберді.