Екібастұзда түнде үш жасөспірімді көлік қағып кетті

Екібастұзда түнде үш жасөспірімді көлік қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы Энергетиктер - М.Мәметова көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 22:30-да «Toyota Camry» маркалы автомобиль жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кәмелетке толмаған үш жаяу жүргіншіні қағып өткен. 

– Салдарынан жаяу жүргіншілер – 13, 15, 16 жастағы жасөспірімдер Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды. 18 жастағы жолаушы мен жүргізуші медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді. Автомашина мамандандырылған тұраққа қойылып, сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде, – деді департаментте. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында аталған факті бойынша жедел жәрдемге шақырту сағат 22:36-да келіп түскенін хабарлады. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына бес минутта жеткен. Зардап шеккен бес адамға көмек көрсетілген. Олар – 22 жастағы жас жігіт, 18 жастағы қыз, сонымен қатар 15-16 жастағы екі қыз және 13 жастағы ұл. Барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.