Павлодар облысының білімпаз оқушылары республикалық олимпиадада он жүлдеге ие болды

Павлодар облысының білімпаз оқушылары республикалық олимпиадада он жүлдеге ие болды

Олимпиада физика мен математика пәндері бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астанада 9-11(12) - сынып оқушылары арасында математика және физика бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды.

Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 329 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысты, оның ішінде математикадан – 169, физикадан – 160 қатысушы болды.

Жарыста Павлодар облысының намысын 13 оқушы қорғады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10 қатысушы жүлделі орындарға ие болды – 1 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль.

Оқушылардың 80 пайызы Павлодар облысының олимпиадалық командасының жеңісіне елеулі үлес қосты.