Павлодарлық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Павлодарлық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көктемгі каникул кезеңі 21 наурыз - 31 наурызды қоса алғанда 11 күнге жалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

– Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11-сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді, – деді министрлікте. 

Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

  • театр фестивальдері мен қойылымдары;
  • шеберлік сабақтары;
  • қауіпсіздік сабақтары;
  • мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
  • спорттық ойындар;
  • қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.