Павлодар облысының тұрғындарына алыс сапарға шықпауға кеңес береді

Павлодар облысының тұрғындарына алыс сапарға шықпауға кеңес береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аяз бен боран күтілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалы өңірдегі ауа райының күрт нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне шұғыл ескерту жасады.

– «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8-9 желтоқсан күндері аймақта қолайсыз ауа райы орнап, күндіз қар жауып, боран соғады, ал түнде тұман түсіп, ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендейді. Қатты жел мен көктайғақ автожолдардағы қозғалысты айтарлықтай қиындатпақ, – делінген хабарламада.

Жол қызметкерлері қозғалыс қатысушыларынан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Көріну деңгейінің төмендеуі мен жолдың тайғақ болуына байланысты өңірдің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін қаперге салады.