Павлодар облысының жоғары оқу орындарында алыс шетелден қанша студент оқиды?
Статистиктер білім алушылардың саны бойынша деректерді жинап, қорытындылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2025-2026 оқу жылының басында Павлодар облысында 4 жоғары оқу орны жұмыс істеді, олардың ішінде 3 университет және 1 институт жұмыс істеді. Жоғары оқу орындарының 50% мемлекеттік, 50% жеке меншікте.
2025-2026 оқу жылының басындағы студенттер саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 3,9% артып 15656 адамды құрады, оның ішінде 7692 адам немесе 49,1% әйелдер. Барлық студенттер күндізгі бөлімде оқиды.
Ағымдағы оқу жылында 6075 адам қабылданды, олардың ішінде 3029 немесе 49,9% – әйелдер. Оқуға қабылданған студенттердің жалпы санынан 47,8% жалпы орта білім базасында, 42% техникалық және кәсіптік білім базасында, және 10,2% жоғары білім базасында қабылданды.
Оқушылардың 40,4% мемлекеттік тілде, 58,6% орыс тілінде, қалған 1% шет тілдерінде білім алады.
– Павлодар облысының жоғары оқу орындарында алыс шетелден 249 студент оқиды, 296 студент – ТМД елдерінен келген, оның ішінен 82 – Ресейден, – деді облыстық статистика департаментінде.
Этникалық құрам бойынша оқитындардың айтарлықтай үлесін қазақтар құрайды – 73,8%, орыстар – 16%, украиндер – 2,2%, немістер – 2,2%, татарлар – 1,5%. Мамандарды шығару өткен оқу жылмен салыстырғанда 3,7% артып, 3917 адамды құрады, оның 2017 адамы немесе 51,5% әйелдер. Жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің жалпы санының 32,2% – педагогикалық ғылымдар мамандығы бойынша, 26,8% – инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша, 16,5% – бизнес, басқару және құқық, 6,2% – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 4,6% – қызмет көрсету. 2025-2026 оқу жылының басына Павлодар облысының ЖОО – 896 оқытушы жұмыспен қамтылды, олардың ішінде 47 адам ғылым докторы, 298 адам ғылым кандидаттары, 53 адам – профессор ғылыми дәрежесі, 218 адам – доцент. Ғылыми философия докторы дәрежесі бар мұғалімдер (PhD) 157 адам. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны 342 адамды құрайды.