Павлодар облысындағы төртінші қаланың жаңғыруы үшін не қажет?
Бәрі халық санына байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тарихтан белгілі 1993 жылға дейін Павлодар облысында үш емес, төрт қала болған – Павлодар, Екібастұз, Ақсу және Ертіс. Астықты өлкенің орталығы 1973 жылдан қала мәртебесін алған болатын. Алайда 20-ғасырдың 90-жылдары экономикалық жағдай күрт өзгеріп, ауданнан басқа өңірлерге, елдерге көшу қарқын алды.
Дегенмен, Ертіс қайтадан қала болып жандануы мүмкін бе, деген ой кейбір адамдарды мазалайды. Бұл сұраққа аудан әкімі Нығман Жүсіпов жауап берді.
- Қала болудың арнайы талаптары бар, біріншіден, ол халық саны, - деп сөзін бастады аудан әкімі. – Ауыл халқы өсіп жатса, әрине, оның қала болып айналуы әбден мүмкін. Біз өз жағымыздан инфрақұрылым жайын жасап жатырмыз: жыл сайын үйлер салынып жатыр, көшелерде асфальт төселуде, спорт кешендері мен бассейн салынуда. Биыл саябақ көркейтіліп, аббатандыру жұмыстары жүргізілуде.
Дегенмен, Нығман Жүсіпов урбанизация, яғни халықтың ауылдан қалаға көшуі процесін тоқтату мүмкін еместігін атап өтті. Алайда бұл жағдай да соңғы жылдары тұрақталып келеді. Мәселен, соңғы 2-3 жылда ауданнан жыл сайын 700-1000 адам көшіп отырса, 2024 жылы 511, ал биыл небары 300 адам ұзап кетті.
Соңғы жылдары ауданда құрылыс жұмыстарының қарқыны айтарлықтай өсті. Құрылыс секторында орындалған жұмыстардың көлемі 6,5 миллиард теңгені құрады.
Биылғы жылы 5,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде: Ертіс ауылында 72 пәтерлі екі тұрғын үй беріліп, кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы 66 отбасы баспанамен қамтылды. Жеке қаражат есебінен Қызылқақ, Ұзынсу, Северное ауылдарында тұрғын үйлер салынды.
Бүгінгі таңда аудан халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 100% құрайды.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1214 адам қамтылды. Аудан бойынша 1053 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 643, уақытша – 410. Әлеуметтік жұмыс орындарына 38 адам, қоғамдық жұмыстарға – 209 адам жіберілді.
Күні кеше Ертіс ауылында заманауи супермаркет ашылды. «Сары» деген атауға ие болған супермаркеттің иесі – Ертіс ауданының бизнес-вумен Құралай Қожанова.
Ауданда егістік алқаптарын диверсификациялау қарқынды жүргізілуде. Ертіс ауданында биылғы жылы егістік алқабы 325 мың гектардан асты, бұл былтырғы көрсеткіштер он гектарға жуық артық. Астықты өлке жерлерінің басым бөлігінде дәстүрлі түрде дәнді дақылдар өсірілді – 217 мың гектар. Майлы дақылдар болса 78 мың гектарды құрады, бұл 21 000 гектардан астамға немесе 40%-ға өскен