Павлодарлықтар сүйікті командасында қандай футболшыларды көре алады?
БАҚ әртүрлі елдерден келген ойыншылардың атын атап жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Еліміздің бес дүркін чемпиондарына келуі мүмкін ең көрнекті ойыншыларының бірі – Филипп Будковский. Донецк «Шахтерінің» түлегі ағымдағы маусымды Луганскінің «Заря» командасында өткізеді. Шабуылшы тіпті Еуропада, қысқа мерзімге болса да, ойнады: бельгиялық «Кортрейк» пен француздық «Сошо» командаларында барлығы 24 матч және бір гол. 33 жастағы ірі денелі шабуылшы Украина құрамасы сапында алты матч өткізді.
Украиналық журналист Михаил Спиваковскийдің айтуынша, Павлодарда шабуылшы «Заря» командасының жалақысынан екі есе көп жалақы алады. «Ертіс» командасы қосымша 100 000 еуро өтемақы төлеуге дайын.
Сондай-ақ, желіде Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» командасының қақпашысы Бекхан Шайзада, қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай, «Тобыл» командасының қорғаушысы Темірлан Ерланов және ресейлік «КамАЗ» командасының қорғаушысы Максим Бурко туралы да хабарламалар бар.
«Ертіс» бұл жаңалыққа әлі жауап берген жоқ. Павлодар футбол клубы бұл орайда ақпараттық үнсіздік сақтауда.