Павлодарлық футболшы Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Павлодарлық футболшы Қазақстан чемпионатында үздік атанды
Фото: «Каспий» ФК

Павлодар футболының түлегі осы маусымда Ақтаудың «Каспий» командасында ойнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жерде Мирас Тұрлыбек туралы әңгіме қозалып отыр. 24 жастағы шабуылшы осы маусымда Бірінші лигада 23 ойын өткізіп, рекордтық 23 гол соқты. Ол сондай-ақ Қазақстан Кубогында төрт гол соқты. Оның голдары «Каспийдің» Бірінші лига чемпионы болуына және Премьер-лигаға көтерілуіне көмектесті.

Павлодарлық футболшы KFF League Awards бойынша Бірінші лиганың «Үздік ойыншы» сыйлығын жеңіп алды. Айта кетейік, Мирас Тұрлыбек екі голын «Ертіске» қарсы ойында соққан. Әр жолы ол туған қаласына деген құрметін көрсете отырып, голды тойлаудан бас тартты.

«Каспийден» басқа, шабуылшы 2022 және 2023 маусымдарында Премьер-лигада «Ақсу» және Бірінші лигада «Екібастұз» командаларында ойнады. Шабуылшы Қазақстан футболының жоғарғы эшелонында 43 ойын өткізіп, жеті гол соқты.