Павлодар облысының әкімі нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Павлодар облысының әкімі нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: Валерий Бугаев, Константин Шелков

Бүгін облыс орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы барлық ер азаматтардың атынан Ертіс өңірінің аруларын – еңбек ардагерлерін, көпбалалы аналарды, этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ басшыларын, кәсіпкер әйелдерді құттықтады. 

– Бұл жарқын мереке ер адамдардың назарынан ешқашан тыс қалмайды. Бұл – біздің махаббат пен бақыт сыйлайтын әйелдерге жақсылық тілейтін күн. Біз сіздерді шын жүректен мақтан тұтамыз және сіздер барлық мақтауға лайықсыздар, – деп атап өтті облыс әкімі. 

Асайын Байханов ел Президенті алға қойған міндеттерді іске асыруда баға жетпес қолдау көрсеткені үшін әйелдерге алғысын білдірді. 

Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына күш-жігерін жұмсаған ардагерлерге ерекше ризашылығын білдірді. Мерекенің жалғасы ретінде Естай атындағы мәдениет сарайының сахнасынан облыстық филармонияның әртістері әуезді әндер шырқады. 

Эстрада жұлдыздары AMRE, Ғазизхан Шекербек және Нұрмұхаммед Жақып мерекенің көрігін келтірді.