2 қарашада Павлодар облысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, кей жерлерде екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында түнде ауа температурасы 0…+5 градус, облыстың шығысында −3 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз +3…+8 градус жылы болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі ықтимал.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус болады. Түнде аздаған жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашын болжанбайды.