Павлодар жастары Абай поэзиясына арналған әдеби кеште бас қосады

Павлодар жастары Абай поэзиясына арналған әдеби кеште бас қосады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара «Абай күніне» орай ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастыратын бұл кеште павлодарлық жастар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеуді мақсат етеді. Осыған орай «Абай – сөздің патшасы» атты поэзия кеші өтеді.

— Абайдың сөздері бүгін де өзекті. Оның тағылымды жырлары мен қара сөздері бізге сан ғасырлық азық болары сөзсіз. Осыны ескере отырып біз қатысушыларды еркін форматтағы поэзия кешінің қонағы болуға шақырамыз. Мұндағы басты ерекшелік бағдарлама қатысушылары Абайдың ең әсерлі өлеңдерін оқиды. Поэзияны сүйетін барлық тұрғынды әдеби кешке қатысуға шақырамыз, - дейді орталықтағылар.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің мақсаты – Абай мұрасын дәріптеп, жастардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ақынның даналыққа толы шығармаларын жаңа қырынан таныту.

Әдеби кеш 10 тамыз күні сағат 16:00-де өтеді.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Байланыс телефоны: +7 707 365 0557.