Павлодар жолаушылары жаңа сағат белдеуіне қалай бейімделеді?
Пойыздардың жүру кестесі мен әуе рейстерінің өзгерістері ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қолжетімді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жолаушыларды уақытылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында ҚР бойынша Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушылар және қала маңындағы поездардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар жүргізілуде.
Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады.
Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін авиакомпаниялар тарапынан авиакомпаниялардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетеді.
Атап айтқанда, Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиакомпаниялары авиабилеттерді сату жүйелеріне барлық қажетті өзгерістер енгізді. Сонымен қатар, барлық жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданды.
Бұдан бөлек, 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің жедел штабының негізінде 8 7172 798214, 8 7172 798213 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, рейстің өзекті мәртебесін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтеріне және Air Astana авиакомпанияларының Call-орталықтарына келесі нөмірлер бойынша 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77; FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227); SCAT 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14 жүгінуі керек.