Павлодарда қараңғы әйнекті көліктерге тосқауыл қойылды

Павлодарда қараңғы әйнекті көліктерге тосқауыл қойылды
ЖИ иллюстрациясы

Павлодарда алдыңғы бүйірлік әйнектеріне талапқа сай келмейтін қараңғылағыш жабын орнатқан жүргізушілер анықталды. Жыл басынан бері облыста осыған байланысты он мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кезекті патрульдеу кезінде Павлодар қаласындағы Назарбаев көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері алдыңғы бүйірлік әйнектеріне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қараңғылағыш қабат жапсырылған бірнеше автокөлікті тоқтатқан.

– Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік әйнектерін қараңғылау салонды күн сәулесінен қорғап, жүргізушілерге жайлылық сыйлағанымен, көріну мүмкіндігін шектеуі мүмкін. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Ғабит Әзбердиев.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілерді белгіленген талаптарды сақтауға және көру мүмкіндігін шектейтін жабындар мен құрылғыларды пайдаланбауға шақырады.