Павлодар облысында қараусыз мал жолға шығып кетпес үшін қауіпсіздік күшейтілді

Павлодар облысында қараусыз мал жолға шығып кетпес үшін қауіпсіздік күшейтілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұзындығы 30 шақырым жолдың шетінде қоршаулар орнатылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қажсервис» ЖШС Павлодар облыстық филиалы жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде республикалық маңызы бар жолдар бойындағы торлы қоршауды жөндеу бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы үй жануарларының келесі бағыттар бойынша шығуы ықтимал учаскелерде жаңа торлы қоршау орнату жұмыстары басталды:

– «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолы 49-51, 119-129 шақырымы. Яғни жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайды.

– «Астана-Ерейментау-Шідерті-Павлодар-Успен-Ресей Федерациясы шек.» , 230-254 шақырым. Атап айтқанда, ұзындығы 7 шақырым болады.