Майқайың кентінде жаңа үйлер салынады

Майқайың кентінде жаңа үйлер салынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі таңда жаңа акционерлермен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірлене бастаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың «Достық үйінде» БАҚ өкілдерімен кездесуінде Майқайың кентінде тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұр ма екені жайлы сауал қойылды. 

– Майқайың бойынша тәуелсіз зерттеу компанияларымен барлық зерттеулер аяқталды. Қорытынды бар. Әзірге қорытынды нұсқасын оқымадым, бірақ алдын ала қорытындысымен таныстым. Оған сәйкес, шекаралар Шанхай ауданына әсер етпейді. Соған қарамастан, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуді тапсырдық. Бұл жоба бойынша үйлер салынады және тұрғындарды қоныстандыра аламыз, – деді Асайын Байханов.  

Аймақ басшысы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы 2025 жылдың соңына дейін аяқталатынын жеткізді. 

Сол кезде қосымша учаскені игереміз. Бірақ ондағы тағы бір мәселе – әлі де көптеген үйлердің құжаттары жоқ. Ауылдың ішінде орын тапшы. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу жоспарлануда. Заңды түрде тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ. «Алтын Алмас» – ірі холдинг, құзыреті бар жаңа акционер. Оның көмегімен жоғалған адамдарды таба алдық, – деді облыс әкімі. 

Еске сала кетейік, алтын кенішінен небәрі 300-400 метр жерде тұратын «Шанхай» ықшам ауданының тұрғындары «Үйіміз жер астына опырылып түсіп кете ме?» деп алаңдаулы. Шахта маңайын жағалай орналасқан көне үйлердің, атап айтқанда, «Шанхай» ықшам ауданының жұрты соңғы төрт-бес жылда жер астындағы дүмпулер мен бұрғылардың дауысы айқын естіле бастағанына, үйлерінің іргетасы мен қабырғалары жарылып, үй төбесін ұстап тұрған ағаш тіреулердің түскеніне алаңдаушылық білдірген.