Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты сөндіріледі:
- Путинцев көшесі, 14-38-үйлер;
- Литейный, Қазыбек тұйық көшелері бойындағы тұрғын үйлер.
9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Радиозавод шағын ауданындағы Г, Д өтпе жолдары бойындағы тұрғын үйлер.
13:00-ден 17:00-ге дейін:
- Ак. Сәтбаев көшесі, 44, 46, 50;
- Астана көшесі, 61.