Павлодарда Ұлттық бірыңғай тестілеу күндері өзгертілді

Павлодарда Ұлттық бірыңғай тестілеу күндері өзгертілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысының мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты 23 мамыр күні соғылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауы бойынша 23 және 24 мамырға жоспарланған Ұлттық бірыңғай тестілеу күндері өзгертілді.

Жаңартылған кесте бойынша 23 мамырға тіркелген талапкерлер 25 мамыр күні тест тапсырады. Ал 24 мамырға өтініш бергендер үшін тестілеу 1 маусымға ауыстырылды.

– Тестілеудің жаңа мерзімі туралы ақпарат app.testcenter.kz порталындағы талапкерлердің жеке кабинетінде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, тіркелген талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарап, ақпаратты уақтылы бақылап отыруды сұраймыз, – деді облыстық білім басқармасында. 

Айта кетерлігі, Павлодар облысының мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты 23 мамыр күні соғылады. Бұл ретте, Өңірде мектеппен қоштасқалы жүрген 5048 түлек. 4694 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген, оның ішінде 2849-ы қазақ тілінде, 1840-ы орыс тілінде, 5-і ағылшын тілінде.