Павлодарда 13 қазанда бірнеше көшеде су 12 сағатқа өшіріледі
Шектеу тұрғын үйлер мен бірқатар нысанды қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады.
- Луговая көшесі: 16;
- Торайғыров көшесі: 1, 1/1, 1/1А, 1/2, 1/3, 1/4, 1/5, 1/6, 3, 3/1, 6;
- Конституция алаңы: 1, 1/1;
- Набережная көшесі: 11Б.