Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге төрт ауданнан тауар әкелінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 27 қыркүйек күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

– Жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный») және Ақсу қаласының («Saryarqa» фермерлік базары), сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.

Өтетін мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы).