Павлодарда 2024 жылы жүзден астам бизнес-жоспар әзірленді
Сервистік қолдауды облыс орталығында 435 бизнес өкілі пайдаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың алғашқы он бір айында мұнда бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты 167 қызмет көрсетілді.
– Маркетинг мәселелері бойынша бізде 223 қызмет көрсетілді: 8 914 000 000 теңге сомасына 135 бизнес-жоспар әзірленді, 505 335 000 теңгеге 30 жоба қаржыландырылды, 71 жұмыс орны құрылды. Сол кезеңде біздің консультанттарымыз бизнеске қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша 50 қызмет көрсетті, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
«Атамекен» палатасында консультанттар қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша халық пен кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз етуде тек Павлодарда ғана емес, сондай-ақ Ақсу, Екібастұз және облыстың барлық он ауданында консультациялық көмек көрсететінін атап өтті.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету құралын 820 бизнес өкілі пайдаланды. Оларға 7 732 қызмет жоспары бойынша 7 977 қызмет көрсетілді.
2024 жылы республикалық бюджет қаражатының қысқаруына байланысты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы шеңберінде «Мен кәсіпкер» құралы іске асырылмаған. «Бір ауыл - бір өнім» жобасын қоспағанда. Бұл көрмеге қала маңындағы 24 тауар өндіруші қатысты.
Олардың үшеуі финалға шықты: «Эко-Дом Павлодар» ЖШС (Павлодар, ұлттық сүт өнімдері өндірісі («Коржын» сериясы), «V.Sultan» ЖШС (Павлодар, киіз бұйымдары мен «789KZ» ЖК (Железин ауданы Кузьмино ауылы, қаз еті өндірісі).
Айта кетейік, өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыстың үш қала мен он ауданында орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнеске қаржылай емес қолдау көрсетеді.