Павлодарлық кәсіпкерлер экспорттық мүмкіндіктерді талқылайды
Шара оффлайн және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәліметінше, 28 сәуір күні сағат 15:00-де «QazTrade» АҚ өнімдерін шетелге шығаруды жоспарлап отырған бизнес өкілдеріне арналған конференция өткізеді.
Жиын барысында сауда-экономикалық миссиялардың жұмыс тетіктері, қатысу шарттары мен іріктеу тәртібі түсіндіріледі. Мамандар нақты келісімшарттар мен B2B кездесулердің нәтижелерін талдап, экспортқа шығудың тиімді жолдарын көрсетеді.
Бұл басқосу кәсіпкерлер үшін шетелдік серіктестер табуға және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алуға бағытталған. Қатысу үшін https://forms.gle/RFs08xZajusLdN3J7 сілтемесі арқылы тіркелу қажет.