Павлодарда 3 шілдеде бірқатар көшелерде су уақытша өшіріледі

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында Радищев көшесіне дейін жаңадан салынған су құбырын қайта қосу және ысырманы ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты 3 шілде сағат 9:00-ден 4 шілде сағат 9:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Н.Назарбаев даңғылы: 163/1, 165, 165/1, 167, 169, 175, 177, 179, 181, 183, 185, 187, 189, 191, 195, 199, 201, 203, 205, 207, 209, 211, 213, 217/1;
- Жеке тұрғын үйлер – Гагарин көшесінен Радищев көшесіне дейінгі Н.Назарбаев даңғылы бойы;
- Орал көшесі – Амангелді көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін;
- Жас гвардияшылар, Байқалдық, Казанғап би, Репин, Нұртазин көшелері – Саянский көшесінен Кузнецкая көшесіне дейін;
- Орал көшесі – Гагарин көшесінен Теплов көшесіне дейін;
- Н.Назарбаев көшесі – Баймолдин көшесінен Қаз. Правда көшесіне дейін;
- Қаз. Правда көшесі – Жас гвардияшылар көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысындағы №318 жылу камерасында жабу арматурасын ауыстыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты жақын орналасқан көпқабатты үйлерде 3–5 шілде аралығында ыстық су беру уақытша шектеледі:
- М. Горький көшесі: 102/2, 102/3;
- Н. Назарбаев көшесі: 42 (10–14 пәтер), 44 (1–13 пәтер), 46, 46/1, 48, 89/2;
- Толстой көшесі: 82, 101/1, 105, 105/1, 107, 107/5, 109.