Павлодарда 8 тамыз күні бірнеше көшеде су уақытша өшіріледі

Павлодарда 8 тамыз күні бірнеше көшеде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындардан алдын ала су жинап алуы сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесі, 31/1 мекенжайында ысырма мен су құбырының апатты учаскесін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. 

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:

  • Катаев көшесі, 31/1, 35;
  • Толстой көшесі, 94/2, 96, 98/1, 100, 102, 104;
  • Шевченко көшесі, 1 (№36 жалпы орта білім беру мектебі).