Павлодарда автобус маршруттарының қозғалысы уақытша өзгереді

Павлодарда автобус маршруттарының қозғалысы уақытша өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көше учаскесінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Н. Назарбаев даңғылының Амангелді көшесінен Жаяу Мұса көшесіне дейінгі батыс жағы жабылады.

Осыған байланысты келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі:

  • №27 автобус бағыты Амангелді көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жүру кезінде Н. Назарбаев даңғылына бұрылыспен Катаев көшесі бойынша осы учаскені айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта;
  • №153 шағын класты автобус бағыты Катаев көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжу кезінде Н. Назарбаев даңғылы – Катаев көшесінің қиылысында бұрылыспен және Ж.Мұса көшесіне шығуымен Катаев көшесі бойынша қозғалысты жүзеге асыратын болады. Кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады;
  • №21, 22 автобус маршруттары Н. Назарбаев даңғылымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жүру кезінде осы учаскені Н. Назарбаев даңғылы – Амангелді – Катаев – Н. Назарбаев даңғылымен айналып өтетін болады. Кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады. Ломов көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі Н. Назарбаев даңғылының бойындағы аялдамалар «қалтаға» кірмей, Н. Назарбаев даңғылының негізгі бөлігінде жүзеге асырылатын болады;
  • №24 автобус бағыты Н. Назарбаев даңғылымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жүру кезінде осы учаскені Амангелді – Катаев көшесі – Н. Назарбаев даңғылымен айналып өтеді. Кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады;
  • №55 автобус бағыты Амангелді көшесі бойынша шығыстан батысқа қарай жүру кезінде Катаев көшесі – Н. Назарбаев даңғылы қиылысында бұрылыспен және Ж.Мұса көшесіне шығумен Катаев көшесі бойынша осы учаскені айналып өтеді. Кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады;
  • №115 автобус бағыты Катаев көшесі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Катаев көшесі бойынша осы учаскені айналып өтеді (Амангелді көшесіне кірмей) және Н. Назарбаев даңғылына шығумен кері бағытта қозғалыс сызбасы өзгеріссіз қалады.