Павлодарда алкогольді заңсыз сатқан кәсіпкер лицензиядан айырылды

Павлодарда алкогольді заңсыз сатқан кәсіпкер лицензиядан айырылды
Фото Константин Шелков

Әрі қомақты айыппұл арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласы ПБ оңтүстік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері тұрақты негізде дүкендер бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

- М.Жүсіп көшесінде орналасқан дүкендердің бірінде этил спиртінің көлемдік үлесі 30% - дан асатын, сыйымдылығы 0,75 л алкогольдік сусынды сату фактісі анықталды. Дүкен иесіне қатысты алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, -  деді Павлодар қаласының полицияның аға учаскелік инспекторы Азамат Махватов.

Осы іске қатысты материал сотта қаралып, нәтижесінде кәсіпкер алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясынан айрылып, шамамен 150 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.