Оқушылар енді қорықпайды: Павлодар облысында ата-аналар альянсы құрылады

Оқушылар енді қорықпайды: Павлодар облысында ата-аналар альянсы құрылады
Фото: Константин Шелков

Аймақта білім ошақтарындағы қауіпсіздік деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Білім министрлігінің мәліметінше, павлодарлық жасөспірімдердің жартысынан көбі кем дегенде бір рет буллингтен зардап шеккен. 

ҚР Білім министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаевтың айтуынша, буллинг куәгерлерінің саны жыл сайын артып келеді.

Павлодар облысының әкімі балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек деген пікірмен келісіп, қорлаудың алдын алудың бірыңғай жол картасын әзірлеуді тапсырды.

– Сіз бізбен бірге болуға және біздің барлық бастамаларымызды қолдауға дайын сарапшылар мен ата-аналар қауымдастығын тарта аласыз. Сонымен қатар, білім басқармасына 10 қыркүйекке дейін "Отбасы күніне" орай ата-аналар альянсын құруды, оның бірінші аймақтық форумын өткізуді тапсырамын, – деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ Серік Жартыбаев балалардың әл-ауқаты индексінің ұлттық мониторингін енгізуді ұсынды.

– Біз мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің автоматтандырылған жүйесін іске қосамыз. Білім беру ұйымдарын лицензиясы бар күзетшілермен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ біз дабыл түймелерін орнатамыз. Оны оқу жылының басына дейін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, — деді Серік Жартыбаев.

Еске салайық, Павлодар облысында 14 жастағы мектеп оқушысын жаппай соққыға жыққан соң тағы да қорқыту туралы сөз болды. Білім басқармасы жаңа оқу жылынан бастап жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу бағдарламасын қолданатынын айтты. Ата-аналар мен балалар эмоционалдық сауаттылыққа үйретіледі.

Облыс тұрғындарына кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету бойынша жедел қызмет көрсету телефондары ескертілді: 8 (7182) 32-19-21, WhatsApp - 8 (701) 07-07-546.  Сонымен қатар, Оқушылар сарайындағы «Senim room» психологиялық көмекке жүгінуге болады.

Әсия Серікова