Павлодарда 7 наурызда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде облыс аудандары мен қала өндірушілерінің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеге Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы).
Сондай-ақ сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылатыны хабарланды.