Павлодарда арнайы қабылдағышқа қонатындар арасында мас күйінде көлік жүргізетіндер көш бастап тұр
Жыл басынан бері 500-ге жуық жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Құқық бұзушыларды жасаған әкімшілік бұзушылықтары үшін ескерту немесе айыппұл арқалаудан бөлек, тағы бір жаза күтіп тұр. Ол әкімшілік қамауға алу.
- Арнайы қабылдағыш әкімшілік қамауға алынғандарды ұстайтын мекеме. Азаматтар осы жазаны Павлодар қаласы полиция басқармасының әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағышында өтейді.
Айта кету керек, «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында қоғамдық қорлармен, мемлекеттік емес ұйымдармен әкімшілік қамауға алынғандармен қауіпсіздік мәселелерін шешуде серіктестікті жүзеге асыру мақсатында «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының психологы жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек көрсетеді, консультациялар, тренингтер өткізеді, - деді арнайы қабылдағыштың бастығы Мейрам Нығметов.
Жыл басынан бері облыстың 1034 тұрғыны әкімшілік қамауға алынған. Оның ішінде 21 әйел. Ең жиі кездесетін «қонақтар» - мас күйінде көлік жүргізетін жүргізушілер. Олардың саны бүгінде 485-ке жеткен. Ал отбасылық - тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған қылмыскерлер 252. Сонымен қатар, 33 азамат қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін, ал 58 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған.
Сондай-ақ, әкімшілік қамауға алынғандарға заң көмегі де көрсетіледі.