Павлодарлық ас үй жиынтығы үшін жарты миллион теңгесін желге ұшыра жаздады

Іс сот арқылы шешілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өткен жылдың сәуір айында тұтынушы 520 00 теңгеге ас үй жиһазын дайындауға тапсырыс берген. Өндіруші мен тұтынушы арасында орындау мерзімі 30 жұмыс күн болатын шарт жасалды. Алайда, өндіруші өз міндеттемелерін орындамаған және тұтынушының өтініштеріне жауап бермеген.
Осыны ескере отырып, Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының 4-тармағына сәйкес орындаушы жұмыстың, көрсетілетін қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз етуге міндетті екенін түсіндіреді.
Заңның 35-бабы негізінде тұтынушы кемшіліктерді анықтаған кезде орындалған жұмысты өз таңдауы бойынша талап етуге құқылы. Яғни, орындалған жұмыстағы кемшіліктерді өтеусіз жою, бірдей материалдан басқа затты өтеусіз дайындау сапа немесе жұмысты қайта орындау, тұтынушының құқығы бұзылған кезде кемшіліктерді жоюға арналған өз шығыстарын өтеу тиісті.
Егер көрсетілген қызметтегі кемшіліктерді орындаушы белгіленген мерзімде жоймаса не жұмыстағы шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы өзге де кемшіліктер елеулі немесе жойылмайтын болып табылса, тұтынушы шартты бұзуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Департамент өз кезегінде тұтынушыға тұтынушының сотқа дейінгі шағымын жасауға көмектесті. Алайда мердігер сотқа дейінгі шағымға жауап берген жоқ. Кейін тұтынушы сотқа жүгінді, онда департамент сотқа үшінші тұлға ретінде қатысты.
Павлодар қалалық сотының шешімі бойынша шартты бұзу және ақша қаражатын өндіріп алу туралы талап-арыз толығымен қанағаттандырылды. Атап айтқанда, тұтынушы мен дайындаушы арасындағы шарт толығымен бұзылды, сондай-ақ сот тұтынушының пайдасына 547 736 теңге қайтарылды.