Павлодарда аса ірі мөлшерде гашиш сатқан күдікті ұсталды
Есірткі одан әрі сату және тарату мақсатында дайындалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимылда күдікті ер адам ұсталды. Ол есірткінің ірі партиясын өткізген.
Жеке тексеру кезінде одан белгісіз заты бар 13 орам тәркіленді. Зерттеуге сәйкес, бұл гашиш екені анықталды. Қызметтік иттер күдіктінің тұрғылықты жері бойынша 21 орамнан тұратын тоғыз полимерлі пакет тауып алған. Есірткі сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, қолма-қол ақша, таразы және тыйым салынған тауарды орайтын пакеттер тәркіленді. Тәркіленген каннабистің жалпы салмағы 8,5 килограмм тыйым салынған заттарды құрады.
– Заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау фактісі бойынша, есірткі құралдарын тасымалдау, өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Күдікті қамауға алынды.