Павлодарда автобөлшектер дүкенін қызыл жалын шарпыды

Павлодарда автобөлшектер дүкенін қызыл жалын шарпыды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дүкен 9 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«112» пультіне Толстой көшесінде орналасқан автобөлшектер дүкеніндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері дереу жетті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. 

– Өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Түтінді басу үшін өрт сөндірушілер түтін сорғыны орнатты. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы тауарлық-материалдық құндылықтарды эвакуациялады, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінде.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 18 дүкен қызметкері ғимараттан эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 11 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, апаттар медицина бригадасы, «102» және «103» қызметтері жұмылдырылды.

Облыстық жәдел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Правит» дүкеніндегі өрт туралы қоңырау 13:13-те түсті. Бригада жоғары шұғылдық санаты бойынша шықты. Оқиға орнына жету уақыты 5 минутты құрады. Дәрігерлерге 1989 жылы туған әйел жүгінді, ол жеңіл дәрежедегі жану өнімдерінен уланған. Ол қаралғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты.