Павлодарда автокөлік өртке оранды

Павлодарда автокөлік өртке оранды
Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамыр сағат 07:29-да Лермонтов көшесіндегі автокөліктің өртенуі туралы хабарлама келіп түскен.

–  Автокөлікте орнатылған газ баллон істен шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер RAV4 маркалы көліктің жануын бес шаршы метр алаңында, он минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда, – деді департаментте. 

Өрт сөндірушілер тұрғындарға автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.