Павлодарда үздік жастар сыйлықақыға ие болды
«Тәуелсіздік ұланы» номинанттары спортта, медицинада, ауыл шаруашылығында, бизнесте, мәдениетте ерекшеленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Сіздер күн сайын өз еңбектерімен, білімдерімен, қабілеттерімен, табандылығымен, мінездерімен өздерінің ең үздік екендіктерін дәлелдейтін батыл, жарқын, ақылды, белсенді, жастарсыздар, – деді жеңімпаздарды құттықтаған облыс әкімі.
Асайын Байханов жастарға табыс, амандық, болашақта ел игілігі үшін үлкен жетістіктерге жетуді тіледі.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ноян Шомановтың айтуынша, аталмыш сыйлық бесінші рет берілуде. Биылғы жылы жүз өтінім түскен, олардың көпшілігі ғылым, спорт және мәдениет салаларына қатысты.
– Үміткерлер портфолионы сертификаттармен, дипломдармен толықтырды. Мысалы, жас кәсіпкерлер өз қызметінің әлеуметтік бағдарланған бағытын растайды, – деді ол.
Қызметтен кеткен әскери-далалық хирург, ал қазір Павлодар клиникаларында жұмыс істейтін хирург Михаил Пахомов Қазақстанға өзінің арманын жүзеге асыруға, шетелде білім алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
– Бұл Арыс қаласындағы жарылыс пен пандемия салдарын жою кезеңі болды. Жалпы проблемамен күресу кезінде жас әскери-инженерлік қызметкерлерді, дәрігерлерді, инженерлерді, эпидемиологтарды көргенде осындай адамдардың қоршап тұрғаны жүрегімізге жылулық дарытады, – деді марапат иесі. – Мұндай сыйлықтар одан әрі дамуды ынталандыру тұрғысынан жастар үшін өте маңызды.
Естеріңізге сала кетейік, «Тәуелсіздік ұланы» 10 номинациясының жеңімпаздарына 500 мың теңге табыс етілді.