11 қаңтарда Павлодар облысында бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды

11 қаңтарда Павлодар облысында бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024 жылғы 11 қаңтар күні қатты жел мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, 9 сыныптан кейін түскен 1-2 курс колледж студенттері онлайн оқу форматына ауыстырылады. 

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда облыстың басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде 30 м/с болады деп күтілуде.