Павлодарда екі көлік оқушы қызды қағып кете жаздады
Олар баланы жолдан өткізбеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнематериалдардың бірінде жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелген. Екі жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды жолдан өткізбеген.
«Қыз екі ретінде де аман қалды. Hyundai Accent автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі және Volkswagen Touran автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіге жолдан өтуге мүмкіндік бермегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - дейді департаментте.
Сондай-ақ жүргізушілермен осындай фактілерге жол бермеу туралы алдын алу әңгімесі жүргізілді.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолдарының, автобустар мен трамвай аялдамаларының жанында сергек және мұқият болу туралы ескертеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram