Басқа әлемге портал: Павлодарда жолдың ортасы опырылып түсті

Басқа әлемге портал: Павлодарда жолдың ортасы опырылып түсті
Фото: куәгерлер ұсынды

Коммуналдық апатты жою үшін екі авариялық бригада жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов-М.Жүсіп көшелерінің қиылысында жол опырылып түсті. 

– Алдын ала себеп – коллектордың жоғарғы бөлігінің құлауы. Көліктер мен адамдар зардап шеккен жоқ, – деді коммуналдық қызметте.

Барлық кәріз желілері штаттық режимде жұмыс істейді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, опырылған жердің аумағы қоршалды.

Әлеуметтік желі қолданушылары «Басқа әлемге портал», «Ол жерде өткен жылы жөндеу болған», «Жолда келе жатып, кенеттен порталға түсіп кетем бе деп қорқасың», «Сол жаққа жолды жөндеуге жауапты басшыларды жіберсе екен» деген түрлі пікірлер қалдыруда.