Павлодарда жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті
Оның біреуі кәмелет жасына толмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы мәлімдеді.
- Бүгін сағат 21:22-де Ломов-Назарбаев көшелерінің қиылысында екі көліктің соқтығысуы туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы шұғылдықтың бірінші санаты бойынша жіберілді, - делінген хабарламада.
Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 2 минутта жеткен.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шеккен. Олардың біреуі 17 жастағы ер бала. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, 19 және 24 жастағы жігіттер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.