Павлодарда екі көшенің аралығы уақытша жабылады
Жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 8:00-ден 23 мамыр сағат 20:00-ге дейін Генерал Дүйсенов көшесі бойынша Лермонтов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы шектеледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Әкімдік келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.