Павлодарда екі шағын ауданда жылу режимін реттеу үшін жаңа сорғы станциясы қосылады
Соңғы бес жылдай жүзеге асып келе жатқан жоба қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ағаш зауыты мен Радио зауыт шағын аудандарын жылумен жабдықтау үшін №3 сорғы станциясын орталық жылу пунктіне қайта жабдықтай отырып, қайта құрылымдау аясындағы жұмыстар аяқталуда. «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директоры Марат Иманаевтың сөзінше, сорғы станциясы жанына ЖЭО-3-тен №37 мен 22 ірі жылу магистралі өтеді. Екі шағын аудан өсіп, дамыған жатқан кезде үйлер аталмыш жылу магистраліне жоспарсыз қосылған болатын. Сондықтан жылу магистралінен жақын және ең басында тұрған үйлерге қысым жоғары берілгендіктен жаңа сорғы станциясының құрылысы қажет болды.
– Қысым сегіз атмосферде, ал кері бір атмосферде берілген. Осындай параметрлер жылу беру үшін өте жоғары деп саналады. Сондықтан №73 орталық жылу пункті (ескі атауы – №3 сорғы станциясы) арқылы Ағаш зауыты мен Радио зауыт шағын аудандарында жылу тәуелсіз беріледі. Осы жерден жылу жеткізілетін соңғы пункт – Естай көшесіндегі үйлер. Яғни жаңа сорғы станциясы арқылы қажетті қысымды белгілеп, өзгертіп, белгілеуге мүмкіндік ашылады, – деді Марат Иманаев.
Жылу тасымалдағышты берудің гидравликалық режимін реттеуге бағытталған бұл жоба тұтынушыларды жылумен жабдықтау сапасын арттырады. Оның сөзінше, жоба соңғы бес жыл ішінде жүзеге асқан болатын. Қаржы жағынан үш миллиардқа жуық теңге бөлінді.