Биыл Павлодар облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 15 ауыл көркейеді
Елді мекендердің жаңғыртылуына 26,6 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2019-2023 жылдар кезеңінде жобаны іске асыру барысында халқы 137 мың адам санымен 88 ауыл жаңғыртудан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тюлюбаев мәлім етті.
– Төрт жыл ішінде 26,6 миллиард теңгеге 366 жоба іске асырылды, – деді Дамир Тюлюбаев. – Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 26 ауыл қамтылды, 85 жобаның ішінен 11 жоба биылғы жылға ауыстырылып, аяқталады.
2024 жылы халқы 21,1 мың адам санымен 15 ауыл жаңғыртылады. Жалпы сомасы 9,1 миллиард теңгеге 56 жоба іске асырылуда. Елді мекендерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мәдениет нысандары салынып, жол мен мектептер жөнделеді.
– Бүгінгі күні үш жоба аяқталды. Бұл – Ақсу қаласының Алғабас ауылында көше жарығын күрделі жөндеуі, Тереңкөл ауданының Калиновка ауылындағы медициналық пунктінің күрделі жөндеуі және көшелерді жарықтандыру. Тағы 12 жоба аяқталу сатысында тұр, – деді Дамир Тюлюбаев.
Бұдан басқа, жобаны іске асыру шарттарының бірі – жұмыс орындарын міндетті құру болып табылады. Осы жобалар бойынша 114 уақытша жұмыс орны құрылды. 2025 жылы халқы 12,1 мың адам санымен 15 ауылды қамту жоспарлануда.