Павлодарда электрмен жабдықтауға басқа ұйым жауапты болады

Павлодарда электрмен жабдықтауға басқа ұйым жауапты болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өзгерістер келесі жылы енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarmews.kz.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушыларды электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Электрмен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым міндеттерін «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ атқарады.

Енді Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес электр энергиясы тұтынушыларына қызмет көрсету, электр есептегіштердің көрсеткіштерін тіркеу, есептемелер бойынша есептеулер жүргізуді «ПЭТК» АҚ мамандары іске асырады.

Павлодарлықтар не істеуі керек?

  • Электр энергиясының тұрмыстық тұтынушылары 2025 жылғы қаңтардан бастап қолданыстағы электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты негізінде электр энергиясын алуды жалғастырып, «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ-ның бірыңғай төлем құжаты бойынша энергия мен қызметтер ақысын төлейді.
  • Тұтынушы-бюджеттік ұйымдар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шартын жасасуға «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ-на жүгінуі қажет.
  • Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап электрмен жабдықтау шарты бойынша электр энергиясын сатушы «Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ болып табылады.

Анықтама телефондары:

- тұрмыстық тұтынушылар үшін – 903-309 (байланыс орталығы).

- электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктер үшін пайдаланатын бюджеттік ұйымдар мен тұтынушылар үшін – 39-95-47, 39-98-85, 39-96-60, 39-96-65 (келісімшарт бөлімі).