Павлодардың бір ауданында су уақытша өшіріледі
Шектеу су құбырындағы кранды ауыстыру жұмыстарына байланысты енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда су болмайды:
- Бекмаханов көшесі, 33, 37;
- Бұқар жырау көшесіндегі Естай көшесінен Кривенко көшесіне дейінгі жеке тұрғын үйлер.
Тұрғындарға алдын ала қажетті мөлшерде су жинап алу ұсынылады.