Павлодарда ер адам оқ жарақатын алды
Оқиға 18 ақпан күні орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 18 ақпан 20:30 шамасында Павлодар қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 43 жастағы қала тұрғыны түсті. Зеленстрой кентінің жеке секторында бұрынғы таныстарынан жарақат алғаны анықталды, - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жүргізіліп жатыр.