Павлодар облысында ақпанның соңында +3 градусқа дейін жылынады

Павлодар облысында ақпанның соңында +3 градусқа дейін жылынады

Облыс бойынша апта бойы қар мен жаңбыр аралас жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, облыста жел оңтүстік-батыс бағытта секундына 9-14 метр соғады деп күтілуде. 

22 ақпанда түнде - 5...-10, шығыста -13 градус болса,  күндіз -2...+3 дейін жылы  болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жаңбыр мен қар жауса, солтүстік және батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік пен шығыс бөлігінде тұман, көктайғақ болады.

23 ақпанда түнде сынап бағанасы нөл градусты көрсетсе, күндіз ауа температурасы -2...+3 °С  сақталады. 

24 ақпанда түнде  және күндіз  0...-5°С болады. Облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 9-14 метрге дейін жетеді. 

25, 26 ақпан күндері түнде -10...-15°С, күндіз  -7...-12 градусқа дейін суытады. Осы күндері облыс бойынша жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

27 ақпанда жауын-шашын күтілмейді, түнде -10...-15°С, күндіз  -3...-8°С болады.  

28 ақпанда түнде -5...-10°С, күндіз -1...-6 градусты көрсетеді. Облыстың батыс бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады деп болжануда.

Фото: Константин Шелков