Павлодар колониясындағы досына көмектеспек болған ер адам жазаланады

Бейбақ курьер жабық мекеме маңында ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өскемен тұрғыны жазасын өтеп жатқан бала күнгі досына №46 түзеу мекемесінің аумағына ұялы телефондар мен қуаттағышты лақтыруға тырысқан. Алайда оны колония маңын тексеріп жүрген патруль қызметкерлері байқап қалды.
– Курьер лақтырмақ болған орамада бірнеше Vivo және Nokia смартфондары мен қуаттағыш болған, – деп нақтылады №46 мекеменің өкілдері.
Өскемен тұрғынының затына акт толтырылып, ол тәртіптік бөлім қызметкерлеріне тапсырылды.