Павлодарда ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Ол өзін суға батырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 17:51-де Майра көшесіне қарама-қарсы, Усолка өзенінің сол жағалауында жедел құтқару жасағының күштері – 4 құтқарушы мен 2 су көлігі судан 1995 жылы туылған ер азаматтың денесін шығарды. Ол сағат 17:40-та суға түсуге тыйым салынған жерде өз-өзіне қол жұмсаған.
Сағат 18:25 жедел жәрдем қызметкерлерімен реанимациялық іс-қимылдар жүргізілгеннен кейін биологиялық өлім белгіленді.