Павлодарда келесі апта бірқатар үйлер үшін сусыз басталады

Су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жұмыстар Ак. Шөкин көшесі, 89 мекенжайы бойынша жоспарланған. Осыған байланысты 17 ақпан күні сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады:
- Бұқар жырау көшесі, 347, 349, 355;
- Ак. Шөкин көшесі, 87/2, 87/3, 87/3 Б, 89, 91, 93, 95;
- Ломов көшесі, 58/2.
Компания тұрғындардан уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.