Павлодарлықтарды «жолда» құқықтық сауаттылыққа үйретеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен заңгерлер адам көп жиналатын жерлерде тегін кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 8 қыркүйекте сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін қаланың негізгі көшелерінде «Жолдарда қабылдау» акциясы өтеді.
– Іс-шара барысында азаматтар құзыретті заңгерлерден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және полиция органдарының қызметкерлерінен тегін кеңес ала алады, – деп жазылған хабарламада.
Акция құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарға, әсіресе халықтың осал топтарына: тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және т.б. тегін заңгерлік көмек көрсету үшін өткізілуде.
Қабылдау келесі мекенжайлар бойынша өтеді:
Сағат 15:00-16:00-де - қалалық жағалау (Астана көшесі-Қайырбаев көшесінің қиылысы).
16:00-17:00 – «Артур» сауда үйінің тұрағы (Назарбаев даңғылы жағынан).
17:00-18:00 - Теміржол вокзалы.
Барлық сұрақтар бойынша 8(771)356-66-77 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.