Павлодар дүкендерінде Ақсуда өңдірілген тауық еті сатылады

Павлодар дүкендерінде Ақсуда өңдірілген тауық еті сатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құс етін жаз мезгілінде жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Аймақта тауықтарды балапан шағынан 37 күн ішінде өсіріп, союға қабілетті құс фабрикасы жұмысын қайта бастады. Кәсіпорында 147 мың құс өсіріледі. Жобаның өндіріс көлемін ұлғайту бойынша үлкен жоспарлар бар: жаңа кешендердің құрылысын ескере отырып, жыл сайын тауық саны он мыңға дейін жеткізілмек.

Ақсуға жұмыс сапары кезінде құс фабрикасына барған облыс әкімі Асайын Байханов нарықтағы бәсекелестіктің маңыздылығын атап өтті.

–  Базарлар түрлі өнімге лық толы, сондықтан орын алу үшін күресу керек. Сату бөлімі жұмыс істей бастағанда нарыққа шығып, қайта жаулап алып, өз позициямызды нығайтамыз, – деп атап өтті «Қызылжар-ҚҰС KZ» ЖШС құрылтайшысы Айдар Нығметов. 

Кәсіпкердің етті мал шаруашылығы бағытында да тәжірибесі бар. Ол бұған дейін Парсы шығанағы елдеріне ірі қара мен ұсақ малды экспорттаумен айналысқан, енді құс шаруашылығындағы әлеуетті көреді. Кәсіпкер құс фабрикасын қалпына келтіруге 1,5 миллиард теңге салған. Қазірдің өзінде 140 жұмыс орны ашылған, ал алдағы айларда штатты 250 адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Ең бастысы – кадр тапшылығын болдырмау.

–  Бұл жоба менің бұрынғы тәжірибеммен үндеседі – логистика, өзара әрекеттесу, сату. Біз қазірдің өзінде стратегияны қалыптастырып жатырмыз, барлығы бірыңғай тұжырымдамаға айналуда, – дейді кәсіпкер. – Бізде халықтың 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады және бұл – ең көп жұмыс орындарын құруға қабілетті аграрлық сектор.

Кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді дүкендерге маусым айында шығару көзделіп отыр.  Ол тәуекелдерге қарамастан, кәсіпорынның болашағы зор екеніне сенімді. Жоба ұзақ мерзімді – 7-10 жылға жоспарланған.